Мемлекет басшысы президенттік мерзім туралы ережелерді қамтитын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы жеті жыл бір президенттік мерзім туралы ережелерді қамтиды. Сондай-ақ Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін сегіз жылға дейін ұлғайтып, ел астанасының атауын «Астана» деп өзгертуді көздейді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын – Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина байланысқа шығып, бүгін қол қойылған Заң мен Жарлықтың маңызына тоқталды.