ҚР СІМ Ресей азаматтарының Қазақстанға келу жағдайына түсініктеме берді

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ұлттық мүдделерді қорғаудың тетіктері жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ақпаратта: «Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы әрдайым сенімнің жоғары деңгейімен және сындарлы тәсілдерімен ерекшеленді. Қазіргі жағдайда Қазақстанның мемлекеттік органдары қолданыстағы заңнама мен халықаралық шарттарды басшылыққа алады» – делінген. «Қазақстан құқықтық мемлекет және барлық іс-әрекеттеріміз осы қағидаттардан туындауы керек. Сондықтан қолданыстағы шарттар сақталып, ықтимал құқық бұзушылықтар, әкімшілік тәртіппен тоқтатылуы тиіс. Мемлекетте ұлттық мүдделерді қорғаудың етіктері жеткілікті. Бұл орайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары», – деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.