Қазақ-қытай шекарасында уақытша шектеулер болады

Қазақ-қытай шекарасында уақытша шектеулер болады

1-3 қазан аралығында қазақ-қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеті жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бұл уақытта Қытай халық республикасының құрылған күні тойланады. Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекарадан өтуге қамданған азаматтарға енгізілген шектеулерді ескеруді сұрайды. Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастыра береді.