Тоқаевтың құжаттары республиканың сайлау туралы Конституциялық заңына сай – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын тексеріп, республиканың сайлау туралы Конституциялық заңына сай деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президенттің құжаттарын кеше бірнеше партия мен қоғамдық бірлестіктерден құрылған халықтық коалиция өкілдері тапсырған. Барлық мемлекеттік органдар оларды заң талаптарына сай тексеріп, рұқсатын берді. Осыған байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясы бесінші рет жиын өткізіп, хаттамаға қол қойды, қаулы қабылданды.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мухтар Ерманның айтуынша, заңға сәйкес президент лауазымындағы үміткер  Қасым-Жомарт Тоқаев тілдік емтиханнан босатылады.