Президент сайлауы: әр азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге құқылы

Ал тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Тізімге тіркелген жеріңізді жергілікті әкімдіктің сайтынан біле аласыз немесе Call -орталығы арқылы тексеруге болады. Ал тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі. Өтінішті дауыс беру күніне бір ай қалғанда ғана беруге болады.