Украинадан Қазақстан елшілігі қызметкерлері эвакуацияланады

Алдағы күндері Украинадан Қазақстан елшілігінің қызметкерлері эвакуацияланады. Бұған дейін елшілік отандастарымызды елден кетуге шақырған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Сыртқы істер министрлігі бұл мемлекетте қанша қазақстандықтың барын тексеріп жатыр. Негізі көктемдегі алғашқы эвакуация кезінде отандастарымыздың көбі Украинадан кетіп қалған. Бірақ кейін бірсыпырасы оралыпты. Сондықтан әзірге Украинада нақты қанша қазақстандықтың бары белгісіз. Біз қазір Житомир облысында жұмыспен жүрген отандасымызбен хабарласқан едік. Ол аймақтағы ахуал туралы айтып берді.

Алтынбек Мұстапаев, Қазақстан азаматы:

Қалада күнде 2-3 рет сирена болады. Мынау укрытие дейді. Соған барамыз. Былайша айтқанда, қалада азық-түлік бар, жарық бар. Жалпы жақсы деп айтуға болады.