Елордаға Иран президенті Ибрахим Раиси келді

Иран Ислам Республикасының Президенті Астанаға жұмыс сапармен келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. Елордалық әуежайда оны Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.