ОСК: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

Президенттікке кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген.

Бұл туралы Лингвистикалық комиссия отырысында белгілі болды. Тіркеудің соңғы сәттерінде құжат тапсырған кандидат бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Ол жазба жұмысын орындау, әдеби шығармадан үзінді оқу және таңдаған тақырыпта көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша сыналды. Айта кету керек, Бақыт Жаңабаевты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.