Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен кездесті

Саммит аясында Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Лукашенкоға алғыс айтты. Сонымен қатар арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін атап өтті. Қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі хал-ахуалы мен қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ , сауда-экономика мен өндірістік кооперацияны жандандыруға назар аударылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Саммит жұмысына қосқан үлесіңіз бен сөйлеген сөзіңіз үшін көптен-көп рахмет! Бүгінде Еуразия мәселесін көтеру керегі жайлы жақсы айттыңыз. Бірақ даму қарқыны жөнінен Азия жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Болашағы зор. Екіжақты ынтымақтастыққа тоқталар болсақ, сауда, инвестициялық әріптестік болсын, бірлескен жобалар болсын, біздің қашан да Беларусь еліне деген көзқарасымыз оң. Осы сәтті пайдалана отыра, Беларусь елімен жан-жақты әрі тиімді әріптестікті дамыта түсуге күш салатынымызды айтқым келеді. 

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы, алдымен шақыртуыңызға зор алғыс білдіргім келеді. Әлгінде айтқанымдай, мен расымен қазір Азияның дәуірі басталғанын сеземін әрі солай есептеймін. Шанхай ынтымақтастық ұйымымен қатар 1992 жылы Қазақстанның осы ұйымды құру туралы идеясы мықты бастама болды. Қазір бұл ұйымды ғаламдық деңгейге шығарып, дамыту туралы ойыңызды құптаймын.