ТМД мемлекет басшыларының кеңейтілген отырысы өтті

ТМД мемлекет басшыларының кеңейтілген отырысы өтті

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында қатысушылар елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық шараға пандемиядан кейін ұйымдастырылып отырған толыққанды саммит ретінде баға берілді. Оның аясында тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың басым бағыттары айқындалды. Бірқатар ресми құжаттар қабылданып, қатысушы елдердің көшбасшылары мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойды.