Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығы нығайып келеді

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Екі жақты дипломатиялық қатынастарға биыл 30 жыл толып отыр.

Елдер арасындағы ынтымақтастық 1993 жылы мамырдың 19-ы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес дамып жатыр. 2013 жылы  мамырда Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік ресми сапары болды. Ал 2014 жылы желтоқсан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанда ресми сапармен болған. Сауда-экономикалық ынтымақтастық та дамып келеді. 2021 жылы елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы 254 млн доллардан асты. Елдің өзара қатынасының әлеуетін іске асыруда экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы маңызды роль атқарады.