Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанға Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан опат болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарға қайғырып, терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

"Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.