Ж.Дайрабаев туған ауылы – Жамбыл облысына барды

Президенттікке «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев өңірлік үгіт-насихатын Жамбыл облысынан бастап, туған ауылы Каменкаға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен және бала күнгі достарымен кездесті. «Сен біздің ауылдан шықтың» акциясы кезінде шаруалар көкейдегі сауалдарына жауап алды. Бұдан кейін Жигули Дайрабаев өзі оқыған мектепке, шопанның көмекшісі болып еңбек жолын бастаған ауылға да барды.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

– Ең басты нәрсе, президенттік сайлау бұл өте үлкен жауапты саяси науқан. Ол жауапкершілікті мен қазақтың патриоты ретінде өте жақсы сезінемін.