Қ.Әбден Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден кенді өлке Қарағандыда көпбалалы аналармен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, жиналғандар көтерген түйткілді мәселелерге құлақ түрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Кандидат ат басын бұрған «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік бағытта көмек көрсетеді. Мұнда әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша қолдау тетіктері бар. Жеке кәсіп ашу үшін бизнес-жоспар әзірлеуге және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жәрдемдеседі. Кандидаттың облыстағы өңірлік штабы да кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Шолпан Әбілдина Қ.Әбденнің облыс бойынша сенімді өкілі:

– Жеті аудан, 6 қалада сайлау нүктелері, пункттері орналасқан. Әр аудан, қалалардан біз еріктілерді жинап алдық. Солар арқылы осы кісінің бағдарламасын әрі қарай таратамыз.

Сандуғаш Құлмақова, көп балалы ана:

– Кандидатпен біз жақсы таныстық. Пікірталас жасап, ұсыныстарымызды айттық. Өзінің бағдарламасын айтып кетті. Бағдарламасымен бөлісті.