С.Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесті

Қазақстан Республикасының президентіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің құқық қорғаушыларымен және де үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырыс барысында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, бірқатар ұсыныстарды тыңдады. Жиынға 10-нан аса адам қатысты.

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

Бұл сайлауалды агитацияның аясындағы бір ретімен келе жатқан жұмыс. Бұл жерде біріншіден, мен өзімнің бағдарламамдағы негізгі көздеп бағыттарды біздің жаңағы келген өкілдерге толығымен ашып бердім.