Н.Әуесбаев Қосшы қаласының тұрғындарымен жүздесті

«Жалпыұлттық социал-демокартиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев жиынды сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырудан бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр бөліміне жеке-жеке тоқталды. Одан соң қосшылықтар тарапынан кандидатқа бірқатар сұрағын жолданды. Тұрғындар өздерінің толғандырған мәселесіне де тоқталды. Кездесу аяқталған соң ақсақалдар кандидатқа өз батасын берді.

Мақсұт Насибулов, Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:

Біршама халық жиналды бүгін. Демалыс күніне қарамастан халық келіп отыр. Кандидатпен танысу үшін. Бағдарламада қандай бағыттар болу керегін айтып кетті, бұл ұтымды кездесу болды.

Нұрлан Әуесбаев жиын біткесін тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Олардың талап-арыздарын мұқият тыңдап, қағазға түртіп алды. Сондай-ақ партияның өңірлердегі штабтары да кандидаттың үгіт-насихат жүргізуге атсалысып жатыр. Жоспар бойынша Әуесбаев ертең Ақтөбе облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.