ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кездесуінде еліміз бірқатар ұсыныс айтты

Әлемдегі геосаяси шиеленістер пен экономикадағы тұрақсыздықты ескере отырып, тиімді шаралар қабылдауымыз керек.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен бүгінгі кездесуінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныс тастады.

Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның «2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін іске асыру жалғасып жатыр. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады», – деді Президент. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев кедергілерді жойып, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарт қалыптастырып, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды. Сондай-ақ көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне жеке тоқталды. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытынының келешегі зор. Себебі бұл бағыт Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашады.