Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттен көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», – деп жазылған көңіл айту хатында.