Қазақстан мен Түркия арасында жаңа экономикалық дәліз құрылады

Бұл туралы  Ислам ынтымақтастығы ұйымының бастамасымен өткен Метрологиялық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

SMIIC Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты миссиясына  осы ұйымға мүше 57 мемлекетке экономикалық стандарттар әзірлеу кіреді.

Айта кетейік, халал индустрия – қарқынды дамып келе жатқан трендтердің бірі. Мәселен,  Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің биылғы өзара тауар айналымының көлемі 14 млрд АҚШ долларынан асқан. Ол азық-түлік саласынан басқа ауыл шаруашылығы, фармацевтика, косметика, тоқыма және аяқ-киім өнеркәсібін қамтиды. Жиында 35 елден келген делегаттар метрология, техникалық реттеу және халал индустриясы мәселелерін талқылады. Қазақстан халал стандарттарын елімізде шығарылатын ет және сүт өнімдеріне ғана емес, дәнді дақылдарға, көкөніс пен жеміске  және басқа да азық-түлік тауарларына таратуға ниетті.

Мустафа Четинташ, Түркия метрология институтының бас директоры:

- Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемін 5 млрдтан  10 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Осыған орай біз  Қазстандартпен келісімдерді жүзеге асыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарына қол қоямыз. Мұнда негізгі міндет – бірыңғай стандарттарды белгілеу.  Бұл екі елдің өндірушілеріне өз өнімдерін экспорттауға септігін тигізеді.

Ғабит Мұхамбетов, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бас директоры:

- Қазіргі таңда Иран және Әзербайжан мемлееттерімен келісім бар. Енді осы іс шараға қол қоямыз осы мемлекеттермен. Осы мемлекеттер арқылы біз Персидский залив дейміз, сосын жаңағы Ближний Восток дейміз соларға жеткізу үшін тауарларымызды жаңа транзиттік коридорды ашамыз.