Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай облысында болды

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай облысында болды

Алғашында ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қойып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейіннен облыстық өлкетану мұражайына барып құнды жәдігерлермен танысты. Сондағы қызметкерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әрі қарай кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Кандидаттың бағдарламасына қатысты пікірлерін де білдірді. Мейрам Зекешұлы облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте төрт адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына волонтерлар да тартылған.

Серік Сатмұхамедов, облыстық штаб басшысы:

 - Сол волонтерлар АПМнің жағдайын қаланың ішінде іліп отыр. 17 аудандық бар. 4 қала бар. Біз сол төрт қаланы алдық та. Төрт қалаға баннерларды ілгізіп дайындап қойдық.