Қ.Тоқаевтың атына 3460 ұсыныс келіп түсті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына 3400-ден аса ұсыныс келіп түсті.

Оның 640-ы бір күннің ішінде toqaev2022.kz сайтына жолданған. Ұсыныс-тілектің 600-ге жуығы әлеуметтік қамту, 500-ге жуығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 350-ден астамы жер қатынасына қатысы болған. Тағы 200-ден астамы білім беру саласына қатысты ұсыныстар. Ұсыныс-тілектерді жинау жалғасуда. Жалпы сегіз күнде ұзын саны 689 кездесу ұйымдастырылған. Екі мыңнан астам адам қабылданды. Сайлаушылармен кездесулер ел аумағындағы 227 қабылдау бөлмесінде өтіп жатыр.

Әлия Садырбаева, Қ. Тоқаевтың РҚ қабылдау бөлмесінің басшысы:

- Азаматтар кандидаттан не қалайтынын, не күтетінін айтып, өз ұсыныстарымен келіп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру ісіне қатысты көп адамның өзіндік ұсыныстары, Президенттікке кандидаттан не күтетіндері туралы пайым-пікірлері бар. Сондай-ақ сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын call-орталық жұмыс істейді. Номері 8 800 080 44 41.