Президент екі судьяны қызметтен босатты

Алматы қаласының Бостандық ауданы №2 сотының судъясы Сырлыбаев Қанат және Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судъясы Ғалымжан Бекмамбетов теріс қылықтары үшін қызметінен босады.

Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Астана мен Алматы қалалары, сондай-ақ екі облыстың сотында да кадрлық өзгерту енгізді. Түрлі себептерге байланысты Қостанай облыстық сотының төрағасы, Астанадағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судъясы және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судъясы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек Президент жарлығымен Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судъясы болып Мәрлен Бекетов, ал Ақтөбе қалалық сотының судъясы болып Марал Омарова тағайындалды.