Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр

Президенттікке кандидат оппозициялық партия өкілі Нұрлан Әуесбаеатың жақтастары Астана қаласында үгіт-насихат парақтарын таратты. 

Шараға 10-нан астам партия өкілі мен волонтерлер атсалысты. Олар шараны қаладағы базарлардың бірінде ұйымдастырды. Тұрғындарға партия туралы ақпарат беріп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Саяси науқан аясындағы мұндай жұмыстар елдің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр, - дейді Әуесбаевтың сенімді өкілі. Бүгінге дейін ел бойынша сайлаушыларға 20 мыңнан астам үгіт материалы таратылған. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы аясында 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған. 

Мақсұт Насибулов, Н. Әуесбаевтың сенімді өкілі:

- Бүгінгі күні мыңнан астам агит парақтары таратылды. Жақтастары барлық жақта қолдап жүр. Кандидатымызды танып жатыр. Кеше мысалыға, Астана қаласында «Триатлон паркте» 10 шақырымдық марафон болды, жақтастары жүргірді. Осындай-осындай іс-шаралар, көптеген акциялар барлық республика бойынша ұйымдастырылып жатыр.