Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қонаев қаласына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлаушылармен кездесіп, кандидаттың бағдарламасын талқылады. Үгіт-насихат шаралары Өтеген ауылында жалғасты. Балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу болып, сайлауалды бағдарламаның мақсат-міндеттері айтылды. Штаб мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде аймақ жұртшылығымен де жүздесті. Оған 200-ге жуық адам қатысты. Әрі қарай Іле ауданының құрметті азаматтарымен сайлау науқаны барысы талқыланып, жергілікті базарлардың бірінде жастармен кездесу өтті. Көпбалалы аналар да назардан тыс қалмады.

Азат Перуашев, Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшесі:

– Еліміз үшін тағдыр шешуші кезеңде біз дұрыс таңдау жасауымыз керек деп. Дұрыс ел басқаратын адамды сайлауымыз керек. Киелі құндылықтарымызды сақтасақ, әрі қарай да біртіндеп-біртіндеп өркениет бірлікке келетінімізге ешқандай күмән жоқ.