Орталық сайлау комиссиясында онлайн байланыс орнады

ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Сарапшы кеңес жұмысына онлайн форматта атсалысуға дайын. Сондай-ақ жастардың сайлау белсенділігін арттыру бойынша бірлескен жобаны пысықтамақ ниетте. Бұл туралы бүгін онлайн форматта өткен жиында мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық сайлау төрағасы ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының байқаушыларына сайлау науқанына дайындық пен оның негізгі кезеңдерін баяндады. Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров президентікке кандидаттардың штабтары сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріскенін хабарлады. Кездесу соңында орталық сайлау комиссиясының төрағасы байқаушыларды оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды.