Қ.Әбден іскер әйелдермен кездесті – Ақтөбе облысы

Қарақат Әбденнің Ақтөбе жұртшылығымен кездесулері басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кандидат аймақ орталығында іскер әйелдермен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырып, бизнес өкілдерінің ой-пікірін тыңдады. Қазір облыста 80 мыңға жуық кәсіпкер болса, оның жартысынан астамы әйелдер.

Гүлжазира Ешнияз, кәсіпкер:

– Жұмыс жасаймын деген адамға 100 процент сол жұмысқа берілсе, жақсы көрсе, таза адал жасаса, барлық есіктер ашық деп ойлаймын. Әйелдерге де, ер адамдарға да. Мен көруге келдім сол кісіні, сұхбаттасу үшін келдім. Өте әдемі диалог болды.