Кандидат М.Қажыкен Семейде болды

Үгіт насихат науқаны аясында ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Абай облысының кәсіподақ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуелі кандидаттың сайлауалды бағдарламасы жайында пікір алмасу болды. Семейдегі сапар барысында Мейрам Қажыкен медициналық университетке ат басын бұрды. Бұл басқа да аймақтарда филиалдары мен ауруханасы бар елдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Онда Мейрам Зекешұлы резидент дәрігерлер және профессор-оқытушылар мен кездесті.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

– Жергілікті халық көп жылдардан бері аңсаған екен. Біз өзіміз өңір болайық, облыс болайық деген. Міне, осыған жетіпті. Белсенділіктері бар екен, талаптары бар екен.