Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Жетісу облысына барды

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Жетісу облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында шаруалармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын таныстырды. Өңірде көбіне жүгері өсіріледі. Бірақ су тапшылығына байланысты суармалы жерлер толық пайдаланылмай жатыр. Осыған байланысты таудан аққан суды оңтайлы қолданып, су қоймаларын салу керек, - дейді фермерлер.

Олжас Жапарқұлов, агрохолдинг құрылтайшысы:

 - Климаттың өзгеруіне байланысты өзендердегі су тартылып барады. Панфилов ауданында 4 өзен бар. Біріншісі қытаймен бірге ағатын Қорғас өзені. Екіншісі Тышқан өзені. Үшіншісі Өсек өзені. Төртіншісі тағы бар. Жалпы ауданда бұрын 46 мың га жер игерілетін. Қазір 25 мың га жер игеріліп тұр. Қалғанына су жетпейді.