Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының жұртшылығымен жүздесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының жұртшылығымен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш болып шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, сайлауалды бағдарламада ұсынылған шаралар талқыланды. Штаб мүшелері жергілікті кәсіпкерлер мен шаруаларды да қамтыды. Бұдан соң Балпық би ауылындағы қант зауытына барды. Еңбек ұжымын жинап сайлау алдындағы үгіт-насихат шараларын жүргізді. Аймақтағы үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшыларымен де кездесті.

Ерлан Қошанов, Республикалық қоғамдық штабтың басшысы:

 - Бұл кездесуіміздің жөні бөлек. Өздеріңіз білесіздер алда президент сайлауы келе жатыр. Бірнеше өңірді аралап келе жатырмыз. Абай, Ұлытау, Алматы облысында болдық. Қарағандыда болдық. Халықпен, соның ішінде зиялы қауымдармен де кездестік. Өте жылы мағыналы әңгімелер болды. Сол өңірдің ғана емес, мемлекеттік тұрғыдағы үлкен,  биік әңгімелер де болды.