Әділет министрі Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесті

Әділет министрі Қанат Мусин солтүстік қазақстандықтармен кездесу өткізді.

Ең алдымен Президент Жолдауындағы реформалар топтамасына тоқталып, Конституцияға енгізілген түзетулер жайлы айтып берді. Сонымен қатар нотариустардың, адвокаттар мен заң кеңесшілері қызметіне қатысты мәселелер жайында ой қозғады. Ал кездесуден кейін Қанат Мусин жеке қабылдау өткізді.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Халықпен кездесіп, қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесіп, өзіміздің Әділет министрлігінде жасап жатқан жұмысын түсіндіріп, қандай шешілмеген мәселелер бар, соның бәрін біліп, халықпен әңгімелесіп, пікірлерін біліп, сол үшін келіп отырмыз.