Президент білім беру, туризм, өндіріс сынды өзекті тақырыптар жайында сөз қозғады

Сондай-ақ халықты жұмыспен және азық-түлікпен қамту мәселелері де көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау мұнайлы әрі шырайлы өлке. Яғни өңірдің өндірістік, логистикалық және туристік әлеуеті зор. 30 жылда мұнда 7 триллион теңге инвестиция тартылған. Ал облыс орталығы Ақтау елдің жалғыз теңіз қақпасы саналады. Мұндағы екі айлақ арқылы жылына 24 миллион тонна жүк тасымалдауға болады. Бірақ мүмкіндік толық пайдаланылмай келеді. Тағы бір мәселе Шаһар теңіздің жағасында орналасса да тұрғындар ауыз судан тапшылық көріп отыр.

Әулиенің киелі мекеніне Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметі ерек. Жыл сайын келіп, қаршамен қауышады. Биыл да сүйтті.  Өңір активімен кездесуде сөзінің әлқиссасын әріптесі әрі ақылшы ағасы болған Әбіш Кекілбаев туралы естеліктен бастады. Абыз аға туған өлкені ерекше жақсы көретінін жеткізді. Сосын өңірді дамытудың жеті бағытын айқындады. Соның бірі өңдеу өнеркәсібі. Қазақстандағы қара алтынның төрттен бірі осында. Бірақ жер астындағы байлыққа иек артып отыра беруге болмайды. Экономиканы әртараптандыру қажет. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашқан жөн. 2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32 пайызға жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық. Әкімдік Үкіметтің қолдауымен бизнесті ынталандыратын жаңа шаралар әзірлеуі керек.

Маңғытсаудың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Әсіресе дәл қазір өңірдің маңызы артып тұр. Мұндағы порт арқылы Қазақстан ғана емес, орталық және шығыс Азия елдерінің тауары кәрі құрлық пен парсы шығанағына жеткізіледі. Осы бағыттың тиімділігін арттырып, жүк тасмыалдаушыларды қызықтыру үшін порттардың инфрақұрылымы жаңарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Порттың инфрақұрылымын дамыту үшін инвестиция тартуды, контейнерлік және көлік-логистикалық хаб құруды көздеп отырмыз. Біз үшін қазіргі әлемдік нарықтағы ахуалды ескеріп, Транскаспий бағдарын одан әрі дамыту өте маңызды. Осы мәселе бойынша серіктес елдермен өзара түсіністік бар. Ақтау және Құрық порттарының қуатын арттыратын болдық. Бұл олардың өткізу мүмкіндігін жетілдіріп, мұнай тасымалдау көлемін жылына 20 миллионға дейін жеткізу үшін қажет.

Теңіз ғана емес, құрлықтағы жолдарды да жақсарту керек. Облыста 3 мың шақырымдай автожол бар. Оның мың 13 шақырымы республикалық маңызға ие. 95 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Десе де қашықтықты қысқарту үшін Бейнеу мен Шалқар арасын жалғайтын жол салынбақ. Президент мұны былтыр тапсырған. жұмыс баяу жүріп жатыр деді.

Адайбек Қалиев, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Маңғыстау облысының көлік жүк ағынын арттыратын жол деп біз есептеп отырмыз. Бейнеу-Шалқар автомобиль жолын салу. Осы мәселені министрлікке ұсынғанбыз. 2023 жылы техникалық экономикалық негіздемесін жасап, ары қарай жобалық сметалық құжаттамасын жасап, ол жолды да 2025 жылға дейін толық аяқтап іске қосамызщ деген жоспар бар. Ол жол Маңғыстауға келетін жолдарды 600 шақырымдай қысқартады.

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі ауызсу. Каспидің бұйра толқыны Ақтау жағасын жаңғыртып жатқанымен тұрғындар тіршілк нәрінен тапшылық көріп отыр. Кейінгі 30 жылда облыс халқы екі жарым есе көбейген. 2025 жылға қарай мұнда суға сұраныс 260 мың текше метрге жетуі мүмкін. Ал Астрахань-Маңғыстау су құбыры әбден тозды. Сондай-ақ өңірге су, жылу және электр энергиясының басым бөлігін беретін МАЭК-Қазатомпром» компаниясының құрал жабдықтарының 80 пайызы ескі. Тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту үшін алдағы үш жылда өңірде тұшы су шығаратын 9 зауыт іске қосылады. Сондай-ақ биыл жыл соңына дейін 12 елді мекен орталықтандырылған желіге қосылып, сумен қамту 100 пайызға жетеді.

Нұрлан Орынбасаров, облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары:

- Ағымдағы жылы Қаражамбас кен орнында іске қосылады. Келесі жылы сұ тұшыту зауыты толықтай іске қосылады. Қосымша 20 мың су тәулігіне беріледі. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен Ақтау қаласында тағы 20 мың текше метрге зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр. бұл да 2023 ші жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Түпқараған ауданы форт Чевченко қаласында 5 мың текше метр су тұшыту зауыты салынады. бұған республикалық бюджеттен келесі жылға 2 млрд теңге қаражат бөлініп, 2023 жылы құрылыс жұмыстары басталады. 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2025 те толықтай мәселе шешіледі.

Маңғыстау бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Ендігі міндет сол балаға сапалы білім мен медициналық көмек беру. Ал өңірде балабақша да мектеп те жетпейді. 10 мың бүлдіршін кезекте тұр. Үш ауысымдық мектептер бар. Үш жылда бұл мәселе шешілу керек. Кадр даярлау да кешенді жүргізілуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Биыл жоғары оқу орындарына 73 мың грант берілді. Бұған қоса мен батыс облыстарының түлектері үшін қосымша 10 мың грант бөлуді тапсырдым. Соның 6 мыңы Маңғыстауға берілді. Бірақ бұл гранттың төрттен бірі ғана игерілген. Бұл – түсініксіз жағдай. «Түлектерге және ата-аналарға қосымша грант бөлінгені туралы толық ақпарат жетпей жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігіне арнайы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырамын.

Осы ғылым мен білім ауыл шаруашылығын дамытуға қолданылуы керек. Әйтпесе Маңғыстау жұрты мал азығының 75 пайызын өзге өңірден тасиды. Азық-түлік те басқа аймақтарға қарағанда қымбат. Тұрғындар жыл сайын 100 миллон долларға сырттан азық-түлік әкеледі екен.  Президен бағаны төмендету үшін делдалдарды азайытып, қоймаларды көбейту керек деді. Үкіметке тауар тасымалына төмен тариф енгізу жайын пысықтауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жаңа қоймалар салу үшін әкімдік жеке инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер беруі керек. Біз азық-түлік өнімін өндірушілерді алдын-ала қаржыландыру тәсілін енгіздік. Мұны облыстың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тиімді пайдалануына болады. Өнімді сатып алу үшін өзге өңірлердегі шаруалармен алдын-ала келісім-шарт жасауға мүмкіндік бар. Бұл жұмыста бәрін дер кезінде жасау өте маңызды.

Ауылшарушылық туралы айтақанда төрт түлік назардан тыс қалмайды. Ал Маңғыстаудың табиғаты түйеге қолайлы. Бүгінде мұнда Ойсыл қара төліннің 90 мың басы бар. Одан алынатын шикізатқа сұраныс жоғары. Терең өңдеуді қолға алу қажет. Президент бұл шаурашылықты дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейтіп, субсидия беру мәселесін қарастыру керек деді. Сосын Адай жылықысының маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақ Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді екенін бәрі біледі. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафон жарыстарында әрдайым бәйге алып жүр.

Облыс мұнайлы өлке болған соң қара алтын саласындағы бірнеше кәсіпорын бар. Көбінің құрал жабдығы ескірген. Қоршаған ортаға зияны көп. Тұрғындардан жиі шағым түседі. Президент Экология министрлігіне олардың Экологиялық кодексті сақтауын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұдан бөлек бұрын химиялық қалдықтар төгілген қойманы ретке келтіруді жеделдету қажет деді.

Жиын соңында өңірдің дамуына үлкес қосып, еңбегімен дараланғандарды марапаттады. Президент қолынан медаль алып, мерейі үстем болғандардың бірі Феруза Қаракесекова. 2007 жылдан бері Ақтаудың тазалығымен айналысатын коммуналдық қызмет мекемесінің шебері. Үш немеренің әжесі. Мұның бәрі еңбек нтижесі дейді.

Феруза Қаракесекова:

- Күннің суығында да жүреміз далада. Күннің ысысында үлкен апайлар жұмыс жасайды. Соған төзіп еңбек жасап келе жатқан үлкен апаларымыз бар, ағаларымыз бар. Қарапайым жұмысшылардың президенттің қолынан марапат аламыз деп өзім еш ойлаған жоқпын. Маған тосын жаңалық болды. Мамандықты еш талғамау керек. Қай жұмыс болса да  шын ниетімен жұмыс жасаса, қалай да ол жеңіске жетеді.

Қазір Ақтауда инжнерлің жүйенің 75 пайзы тозған. 280 ескі үй бар. Ал туристер көп келетін қала заман талабына сай болуы тиіс .Президент үкіметке Ақтаудың тұрғын үйлерін жаңарту жөнінде бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұған қоса Жаңаөзенге жаңа дем беріп, қаланы кешенді дамыту үшін 580 миллиард теңге бөлінді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа Ербол Дайыров, Дулат Ентебеков Айдос Омарғалиев