Түркістан облысында 1 млн-нан астам сайлаушы өз таңдауын жасай алады

Түркістан облысында 1 млн-нан астам сайлаушы өз таңдауын жасай алады

Облыс аумағында  919 сайлау учаскесі ашылады.  Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысындағы сайлау комиссиялары және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесіп,  әзірлік жайын пысықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия мүшелері  учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы интернетпен қамтылуын тексеріп жүр.  Одан бөлек, сайлаушылардың тізімі нақтыланып жатыр. Ең бастысы – сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту мен дайындығына баса назар аударылып отыр.

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Бірнеше семинар өткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелерін оқытып, заң жағынан түсіндіріп, сайлау қалай өтеді? Тәртібі қандай болады? Байқаушылар қалай жұмыс істейді? Ақпараттық құрал өкілдерінің фунциясы қалай болады? Ең басты мәселе әрбір сайлаушыға дейін бір жетуіміз керек. Әрбір сайлаушының пікірін біз ескеруіміз керек және заңды, әділ түрде таза өткізуіміз керек.