Кандидаттар арасындағы пікірсайысқа Мемлекет басшысының атынан Ерлан Қошанов қатысады

Алдағы жұма күні президенттікке кандидаттар арасында өтетін пікірсайысқа Мемлекет басшысының атынан Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатқандықтан, жұмыс кестесі өте тығыз, - деді Палата спикері.

Ерлан Қошанов сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізу науқанын күтіп тұрмайтынын айта келе, дебатқа штабтың атынан Президенттікке кандидат өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейтінін айтты. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

 - Президент болу деген ол мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру, жауапкершілік өте зор. Мен сол Президенттің бағдарламасын таныстырам дебатта. Президенттің өкілі ретінде барамын. Үміткердің қайсысының мықты, қайсысының осал екенін сайлау ғана анықтайды. Халық оған бағасын береді.

Айта кетейік, бұған дейін пікірсайысқа қатысатын кандидаттардың тізімі бекітілді. Теледебатқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мей-рам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова және Ерлан Қошанов қатысады.