«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер челлендж жариялады

 «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде білім алып жатқан студенттер қазақстандықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырдыдеп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар кеше ғана аяқталған Конгрестің аралық сайлауындағы халық белсенділігін көріп тәнті болған. «Ел болашағына бей-жай қарамайтын әр азамат саяси науқанға белсенді түрде ат салысуы керек», – деп есептейді олар.

«Құрметті қазақстандықтар! Біз, Дж. Вашингтон универсиитетіндегі білім алушылары сіздерді 20 қарашада өтетін, еліміздің тағдырына тікелей әсер ететін саяси науқан, ел Президентін сайлауға белесене қатысуға, дауыс беруге шықарамыз. Осы челенджді басқа да университеттерге жолдаймыз».