Қазақстан жылу бөлетін құрастырмалар өндірісін ұлғайтады

Ядролық реактордан жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар қазіргі таңда Өскеменде шығарылады. Алдағы екі жыл ішінде өндіріс қуаты жылына 200 тоннаға дейін жетеді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында «Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы Ержан Мұқанов айтты.

Ұлттық компания әртараптандыруға ерекше мән беріп отыр, осылайша, тек уран өндірумен шектеліп қалмауға тырысады.

Ержан Мұқанов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

- Алға биік мақсат қою керек. Бұл ең әуелі беделімізді, ғылыми жетістігімізді, біліктілігімізді, зияткерлік деңгейімізді айшықтайды. Біз үнемі даму жолынан таймай келеміз. Зауыттың қуаттылығын ұлғайту үшін жұмыс істеп жатырмыз.