Нотариаттық сенімхаттарды электронды түрде куәландыруға болады

Биыл цифрлық нотариат жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нотариаттық сенімхаттарды электронды түрде куәландыруға болады. Әділет министрлігі бастамашы болған жаңашылдық пилоттық режимде үш өңірде, яғни Батыс пен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Бетпе-бет» бағдарламасында Әділет министрі айтты.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:  

- Мысалы, мен Астанада тұрып жатырмын, маған сенімхатты Өскеменде тұратын адамға беруім керек. Бұрын ол үшін маған екеуміз нотариусқа барып, жаңағы қолымызды қойып, ол біздің құжаттарымызды тексеріп, сондай бір үлкен жұмыс болатын. Қазір бүкіл мемлекеттік қызметті осы интернет арқылы жасауға болады.