Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдауға арналған флешмоб ұйымдастылды

Қазақ аналары атқа қонды. Олар елорданың іргесінде президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдауға арналған флешмоб ұйымдастырып, атпен шапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі өткізді. Айта кету керек, Салтанат Тұрсынбекова сайлауға да осы ұйымның атынан қатысуда. Осы күнге дейін кандидат үгіт-насихат науқаныменеліміздің 7 өңірін аралап, тұрғындармен кездесу өткізген болатын. Өзінің сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірген. Қазір кандидаттың 20 өңірде штабы толыққанды жұмыс істеп тұр.