Президенттікке кандидаттардың теледебаты аяқталды

«Хабар» арнасынан көрсетілген пікірталасты 3 мыңнан астам адам әлеуметтік желілерден онлайн көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші раундта әр кандидатқа өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстыруға 3  минуттан берілді. Сөз сөйлеу тәртібі алфавит бойынша емес, жеребе тастау арқылы анықталды.  Екінші раундта саяси оқарсыластар бір-біріне екі сұрақтан қойып, пікірталас өткізді. Үшінші раундта кандидаттар сайлаушылардың видеомен жіберген сұрақтарына жауап берді. Пікірталастың соңғы кезеңінде әр үміткер халыққа үндеу тастады. Теледебатқа бұл жолы кандидаттардың қолдаушылары да қатысты.

Еске салайық, сайлауға 9 күн қалды.