Мейрам Қажыкен Қарағанды облысына барып, кеншілермен кездесті

Кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, металлургтерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында жеке кәсіпорындар шарттық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы және еңбекақы төлеу жүйесінің негізсіздігіне басымдық берілді. Мейрам Қажыкен жеке инвесторларға тиесілі кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу туралы заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

Мейрам Қажыкен,  президенттікке кандидат:

- Есептеу керек. Қаншама ақша бөліну керек еді инвестиция ретінде. Сондықтан түгел есептеп, мүмкін даже біз олардан алғанмен тағы да олардан ақша алу керек. Әйтпесе болмайды. Әйтпесе олар түгел қызығын көріп көріп беріп кеткен болмайды. Мықты нақты заң болу керек.