Жастар Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады

«BIR TOLQYNDA» аталатын диалог алаңының кезекті отырысында жастар Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жастар Рухы-ның» белсендісі Аида Қалуова сапалы білім – табыстың кепілі екенін атап өтті. Ал, жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуға тиіс. Оның айтуынша дауыс беру құқығы үлкен жауапкершілік екенін түсіну маңызды. Әрі бұл эмоционалды шешім емес, саналы және ұтымды болуы керек. Жалпы «Bir Tolqyndа» диалог алаңының отырысы еліміздің барлық өңірінде өтті.

Мағжан Сұлтанов, халықтық коалиция белсендісі:

- Алдағы 20 қараша күні болатын сайлауда біздің қазіргі Қазақстанда ең басты күш ол қазіргі белсенді жастар. 20 қарашада сол біздің Қазақстанның белсенділері өзінің белсенділігін танытады деген ойдамын. Әр жастардың өзінің таңдауы бар.