Б. Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. LIVE

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовқа қатысты қылмыстық істің үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр 10 желтоқсанында  Хаменова мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Рысқалиев жұмыс бабын пайдаланып, пара алды деген күдікке ілінген болатын. Бақытгүл Хаменова осы уақытқа дейін өз кінәсін мойындаған жоқ. Соған қарамастан облыстық прокуратура өкілі Хаменоваға 7 жыл жаза сұраған. Сот жаңа қана аяқталды