Қарағандылық еріктілер өзен бойын тазалады
Қарағандылықтар Бұқпа өзенінің бойын қоқыстан тазартты.
Маңайында жеке үйлер көп болғандықтан, бұл аумақ айтарлықтай ластанған. Сенбілікке келген еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен ұстаздар, бас-аяғы 100-ден аса адам 500 қап қоқыс жинады. Оны коммуналдық қызмет арнайы техникамен полигонға тасыды. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы кеншілер шаһарында 5 мың тонна қоқыс жиналған. Оған 10 мың тұрғын атсалысты.
Рахат Райымбеков, волонтер:
- «Мөлдір бұлақ» апталығы өтіп жатыр. Осы апталықтың арасында біз бұлақтардың, көлшік маңайын жинап жүрміз. Осы негізі біздің қаламыздың экологиялық жағдайы. Әр адам қоқысты лақтырмаса, жинап жүрсе екен. Ол өзімізге де, келген қонақтарға да жақсы.