Қарақат Әбден: Түркістан – ұлтты ұйыстырған мекен

Қазақстан – Еуразия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Ал Түркістан – мәдениеттің ордасы. Кандидат Қарақат Әбден тарихы терең аймақта осылай деді. Үміткер жұртшылықпен жүздесіп, туризм саласын дамыту жөнінде пікір алмасты. Сауалдарға жауап берді. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен бөлісті. «Түркістан – киелі мекен. Шамшырағы қайта жанған көне шаһар», – деді кандидат. Бұдан кейін өңірлік штбата болып, кеңес өткізді. Мамандарға нақты тапсырма жүктеді.

Еркінжан Пірмаханұлы, өңірлік штаб басшысы:

 - Барынша жұмыс жасап жатырмыз. Бізге жүктелген міндеттер толығымен орындалды. Түркістан облысына қарасты 17 ауданда 117 волонтер жұмыс істеді. Әлі де жұмыс жасап жатырмыз.