Жигули Дайрабаев Батыс Қазақстан облысына барды

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Батыс Қазақстан облысына барды.

"Ауыл" партиясының өкілдері алдымен Орал іргесіндегі құс фабрикасына бас сұқты. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Жылына 8,5 мың тонна өнім өндіреді. Саяси бірлестік мүшелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ұжымымен де жүздесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Анас Баққожаев, "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары:

- Қаланың өзінде тұрған осы кәсіпорын талай ауылдардағы шикізат орындарын ашуға сеп болады. Осыны түсінуіміз керек. Екіншіден, аграрлық университет ұжымымен кездестік. Жұмыс табу қазір өте қиын. Мысалы қалаға келген жастар жұмыс таба алмайды. Ауылға барайын десе, мүмкіндік жоқ. Не істеу керек?!