Қарақат Әбден Түркістан облысында мұғалімдермен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден түркістандық мұғалімдермен кездесті.

Жиында сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды. Ұстаздар қауымы кандидатқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Қарақат Әбден күні бүгінге дейін 10 облыстың 15 қаласы мен бірқатар ауыл халқымен жолықты. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту мен қоғамдағы бірқатар мәселе төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті. Жалпы үгіт-насихат кезінде 40-қа жуық іс-шара өткізу жоспарланған.