Президент елордалық өрт сөндірушілерді марапаттады

Мемлекет басшысы Астанадағы өрт кезінде бірнеше адамды ажалдан арашалап қалған бейбіт күннің батырларын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаумен арпалыс кезінде көрсеткен жанқиярлығы мен көзсіз ерлігі үшін қос құтқарушы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Астана қалалық Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі – Асқар Забикулин І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ал қалалық №10-шы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі – Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталады.

Асқар Забикулин – Астана қалалық Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі;

Аян Кемпіров – Астана қалалық Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №10 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.