Орталық сайлау комиссиясының төрағасы шетелдік бақылаушылармен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 15 шетелдік орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әбдіров елдегі әрбір дауыс берушіге ыңғайлы жағдай жасау – ең басты мәселе екенін айтады. Елде алғаш рет сайлау учаскелерінің барлығында дауыс беру кабиналары мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жабдықталған. Аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын жүргізу үшін 11 мыңнан аса оқыту курстары өтті. Үкімет резервінен бөлінген 20,5 млрд теңге қаржының 80 пайызы – сайлау учаскелері қызметкерлерінің жалақысы. Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысын көрген соң қазақстандықтардың дауыс беру құқығын жүреге асыру үшін барлық жағдай жасалған деп бағалады.