Астанаға халықаралық байқаушылар келді

Байқаушылар тобында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясы атынан 67 адам болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

20-дан аса халықаралық байқаушы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесті. Олар еліміздің Сайлау туралы конституциялық заңының негізгі баптары, кандидаттарға қойылатын талаптар мен сайлауға дайындық барысымен танысты. Мәселен, президенттікке үміткерді саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алатыны айтылды. Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырған 12 адамның 6-ауы кандидат ретінде тіркелгенін атап өтті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары ертең ел аумағындағы сайлау учаскелерімен қатар, шет мемлекеттердегі 14 дауыс беру учаскесіндегі процестерді бақылайды. Әлеуметтік желілерде де мониторинг жүргізеді.

Дмитрий Кобицкий, ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы:

- Ертең барлық елдердегі сайлау учаскелеріндегі дауыс беру уақыты аяқталғаннан кейін қорытынды әзірлейміз. Дүйсенбі күні атқарушы комиссиямен бірге баспасөз конференциясын өткізіп, бақылауымыздың алдын ала нәтижелерін жариялаймыз. Біздің институттың сарапшылары Қазақстанның заңнамасы барлық демократиялық нормаларға сай келетіні туралы құқықтық қорытындымыз Орталық сайлау комиссиясына берілді.