Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді

Кезектен тыс президент сайлауы референдум негізінде конституцияға енгізілген реформаның нақты жүзеге асып жатқанын көрсетті.

Яғни ел азаматтары жеті жылға бір реттік президентті сайлап жатыр. Мемлекет басшысы атануға үміткерлерге теңдей мүмкіндік берілді. Сондай-ақ сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне жағдай жасалды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбав саяси науқанда дауыс бергеннен кейін осылай деді. Парламенттің жоғарғы палатасының спикері өз таңдауын нөмірі 111-ші сайлау учаскесіне жасады. Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан бөлімшеге Мәулен Әшімбаев анасымен бірге келді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президенттік сайлауымыз ашық, әділ түрде толықтай Қазақстанның заңнамасына сәйкес түрде және халықаралық стандарттардың аясында өтетініне толықтай сенеміз. енді сайлау деген халыққа берілген үлкен мүмкіндік. биліктің қайнар көзі халық екеніні біз конституцияда тайға таңба басқандай жазып қойдық. сондықтан халық өз болашағын айқындап жатыр. бұл бір жағынан мүмкіндік, екінші жағынан жауапкершілік.