ОСК: Сайлаушылардың 23,37 проценті дауыс берді

Сағат 10-дағы ақпар бойынша, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлаушылардың 23,37 проценті өз таңдауын жасады.

Яғни 2 млн 792 мың 962 азамат дауыс берді. Жалпы сайлаушылардың саны 11 млн 950 мың 485. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты. Қазіргі таңда Қарағанды облысының сайлаушылары көш бастап тұр. Нақтыласам, 32,27 процент. Қалалар арасында Шымкент тұрғындары белсенді. Бұл жақта көрсеткіш 30,92 процент. Ал Қызылорда өңірінде азаматтардың 29,41 проценті өз таңдауын жасады. Елорда мен Алматы қаласында дауыс берушілер саны әзірге аз. Астанада 13,37 процент болса, Алматыда сайлаушылардың 8,42 проценті дауыс берген.